Алдағы 5 жылда бұрын-соңды болмаған ыстық күтіледі. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамына сәйкес, жақын арада жаһандық жылыну рекордтық деңгейге жетпек. Мұнан келер қауіп көп. Бұл үрдіс жалғаса берсе, табиғи апаттар жиілеп, әлем елдеріне елеулі қатер төнуі мүмкін. Жер шары 10 жылдан бері ыстық кезеңді бастан өткеріп келеді. Бұл тоқтаусыз жалғаса береді, дейді мамандар. 2029 жылға дейін жаһандық жылыну деңгейі 1 жарым градусқа жоғарылайды. Ал Арктикада 3 жарым есе жылдам жүреді.