Павлодарда республикалық хакатон сайысы басталды. IT саласының үздіктері бас қосқан жарыс екі күнге созылады. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 27 команда қатысып бақ сынап жатыр. Қатысушылар үш бағыт бойынша өзара кіл мықтыны анықтайды. Мәселен, қазіргі уақыттағы өте өзекті мәселенің бірі- киберқауіпсіздік. IT мамандары осы тақырып бойынша озық идеяларын ұсынып, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоба жасаулары керек. Одан бөлек жастардың жаңа жұмыс орындарын іздеуге арналған бағдарламаларды да құрастырады. Осының барлығына бір тәулік уақыт беріледі. Жеңімпаз атанған командалар диплом және бағалы сыйлықпен марапатталынатын болады. Хакатон сайысы осымен екінші жыл қатарынан Павлодарда өткізіліп отыр.
ЕЛНАР ӨТЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Өз жобаларын ары қарай жалғастырады. Осы жобасын бизнес жобаға айналдыруға болады. Бізде сондай конкурстар өткізеді. Жас кәсіпкерлер конкурстарында өз жобаларын толыққанды жасап, грант ұтуға мүмкіндік бар. Бізде мысалы, «Астанахаб» осындай конкурстар өткізеді.