$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Құлсарыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

AstanaTV
30.05.2025ж. 22:23
163
Құлсарыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: instagram.com/atyrau_oblysynyn_akimdigi
2025 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша Құлсарыдағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп жоқ. Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.

Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер тиісті медициналық көмекті толықтай қамтылды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Жылыой аудандық орталық ауруханасына Атыраудан мамандар мен медицина қызметкерлері қосымша көмекке жіберілді, олардың қатарында күйік орталығының дәрігерлері де бар.