$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Нигериядағы су тасқыны салдарынан кемінде 117 адам қаза тапты

AstanaTV
31.05.2025ж. 08:02
95
Нигериядағы су тасқыны салдарынан кемінде 117 адам қаза тапты

Нигерияда болған жойқын су тасқыны салдарынан кем дегенде 117 адам көз жұмды. Бұл туралы Reuters агенттігі Нигер штатының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апаттан елдің Тиффин-Маза мен Ангуван-Хаусава қалалары ең көп зардап шекті. Бұл өңірлерде кемінде 50 үй су астында қалған.

Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, – деді ТЖ агенттігінің басшысы Ибрахим Хусейн.

Билік зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жіберіп, іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Нигерияда жауын-шашын маусымы басталғалы бері табиғи апаттар жиілеп кеткен. Мамандар климаттың өзгеруі елдегі су тасқыны қаупін күшейтіп отырғанын атап өтеді.