$510.81 €578.59 ₽6.51
×

«Қатты сағындым...»: Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын жариялады

AstanaTV
31.05.2025ж. 09:31
99
«Қатты сағындым...»: Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын жариялады
Фото: instagram.com/kamshatzholdybaeva

«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп жазды Aikyn.kz.

Көптен бері әлеуметтік желіде көрінбеген өнер иесі жаңалығын жеткізді.

«Қайырлы кеш ! Қалайсыздар? Инстаграмдағы көптен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлек киіп жүріп өттім... Негізі инстаграмға аз шығатын немесе тіпті шықпайтындарға қызығамын. Нағыз өмір экранның бер жағында ғой... Дегенмен арасында өздеріңізбен хәл алысып тұрған да жақсы ау. Оның үстіне , сіздерге арнап жақында бір өнімді ұсынамын, Аллаһ қаласа. Қандай өнім екеніне нұсқаларыңыз болса, жазып кетіңіздер. Сіздерді өте сағындым», - деп жазда ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасын қуанышпен қабылдап, жылы лебізін білдірді.

"Құдай-ау, шықты-ау әйтеуір. Сағынған адам баршылық екен", "Кәмшатты көріп, қуанып қалдық", "Жиі шығып тұрыңызшы желіге", - деп жазды желі қолданушылары.