$510.81 €578.59 ₽6.51
×

«Мен қазақтың күйін, ертегісін тыңдап өстім»: Баян Алагөзова өзін сынағандарға жауап берді

AstanaTV
31.05.2025ж. 10:17
95
«Мен қазақтың күйін, ертегісін тыңдап өстім»: Баян Алагөзова өзін сынағандарға жауап берді
Фото: Видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзова өзіне сын тағып жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер өз сөзінде қазақи болмысы жайлы қозғап өтті. Айтуынша, бала күнінен қазақилықты бойына сіңіріп өскен.

«Менің әкем қазақ. Мен қазақтың күйін, ертегісін тыңдап өстім. Әкемнің мейір-махаббатын сезініп өстім. Қазақилықты бойыма сіңіріп өстім. Егер осының бәрі болмаса, бүгінге дейін жеткен жетістіктерімнің ешқайсысы болмайтын еді. Міне осыны назардан тыс қалдырады. Неліктен қазақтың қазақша сөйлейтін адамдары «Қазақ аруын» жасамайды. Не себепті қазақ халқы үшін қолға алмайды? Неліктен мен жасаймын? Осы сұрағыма жауап беріп көрсінші», - дейді Баян Алагөзова.