Екібастұзда тоғыз қабатты үйдің төбесінен секірмек болған ер адам полицейлердің шалт әрекеті арқасында құтқарылды. Оқыс оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полицейлер қызметі барысында Мұхтар Әуезов көшесіндегі төрт қабатты үйдің төбесінде тұрған ер адамды байқаған.
"Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін екі адамның өмірін жалмап, тағы 14 адамның зардап шегуіне түрткі болған Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.