$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Қайрат Нұртас тағы да жұртты шулатты

AstanaTV
31.05.2025ж. 18:37
118
Қайрат Нұртас тағы да жұртты шулатты

Қайрат Нұртас биімен тағы да сынға қалды. Әншінің желіге жариялаған жаңа видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада Қайрат Нұртас музыка ырғағымен билеп жүріп, қасындағы адамның мойнына пышақ сілтегендей қимыл жасайды. Артынша әлгі адам жерге құлап түседі.

Желі қолданушылары бұл көріністі әртүрлі қабылдады. Көпшілік бейнежазбаны қатыгездік пен агрессияны насихаттайды деп сынға алды.

Пікірлер арасында мыналар бар:

«Бұл енді тым артық кеткен екен…»

«Кішкентай балалар да қарап отыр ғой, қайда тәрбие?»

«Би өнері деп айту қиын, сахналаймын деп шектен шыққан»

«Музыкадан қылыштың үні естілді – бұл қорқынышты көрініс»

«Қайраттың харизмасы күшті, бірақ бұл жолы тым оғаш шықты»

 «Желіде осындай видеолар көбейіп кетті, қадағалау керек»

Қоғамдық сын мен өнер иегерлерінің жауапкершілігі

Қайрат Нұртас – қазақстандық эстраданың танымал тұлғасы. Оның әрбір әрекеті ел арасында кеңінен талқыланып, резонанс тудырып жатады. Мысалы, жақында Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын ресейлік продюсерлер жұмысқа шақырғанын айтты. Ал Өзбекстанда өткен концертте қарт кісі Қайрат Нұртасқа 2017 жылы берген уәдесін орындамағанын айтып, болған оқиғаны еске салды. Анасы Гүлзира Айдарбекова ұлымен түскен видеосын жариялады. Онда продюсердің орындықта отырған ұлының артынан келіп, мойнынан құшақтағаны көрінеді. Видео астына ол жұмыстарын да бітіріп, демалып та үлгергенін жазған.

Айта кету керек, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова – шоу-бизнестегі көп талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған еді. Сонымен қатар ол концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеп көзге түскен болатын. Ал одан бұрын жұбайын туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын айтты.

Сондай-ақ әншінің әйелі де халықтың сынына жиі ұшырайды. Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға қалған еді. Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосынжариялаған болатын. Одан бұрын актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды.