$511.37 €583.73 ₽6.46
×

Екі жасар бала әлемдегі ең білімді адамдар клубына кіреді

AstanaTV
01.06.2025ж. 12:25
135
Екі жасар бала әлемдегі ең білімді адамдар клубына кіреді

Ғаламшардағы ең білімді адамдар клубы атанған Mensa ұйымы екі жасар британдық баланы өз қатарына қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жасар бала білімділер клубының бүкіл тарихындағы ең жас мүшесі атанды.

"Джозеф Харрис-Биртхилл Менсаға қосылғанда екі жастан енді асқан. Ең білгірлер клубына кіру үшін үміткердің IQ көрсеткіші 132 баллдан кем болмауы керек. Кішкентай данышпан Шотландиядағы Сент-Эндрюс университетінде мұғалімдер отбасында дүниеге келген", – деп жазады басылым.

Бала сегіз айлығынан сөйлеген, қазір ол еркін оқи алады. Бес тілде 10-ға дейін, ағылшын тілінде 100-ге дейін санай алады.

Баланың анасы Роуз Харрис-Биртхиллдің сөзінше, ол Морзе кодын оқып жатыр, грек әліпбиін біледі. Сондай-ақ Менделеев периодтық жүйесіне қызығады екен.

Джозефтің ата-анасы оның алғырлығын байқаған кезде Менсамен байланысуды ұйғарды. Ұйым дарынды балаларды өз қатарына қабылдап қана қоймай, олардың дамуы мен білім алуына арнайы бағдарламалар ұсынады.