$511.37 €583.73 ₽6.46
×

62 жастағы ұлын еркелеткен 94 жастағы ана халықты сүйсіндірді

AstanaTV
01.06.2025ж. 17:17
146
62 жастағы ұлын еркелеткен 94 жастағы ана халықты сүйсіндірді

Желіде тараған бейнежазбада 94 жастағы кейуана 62 жастағы ұлына қамқорлықпен көрпе жауып жатқан сәті бейнеленген. Бұл видео TikTok платформасында 2,6 миллионнан астам қаралым жинап, 150 мыңнан астам адам ұнатқар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«62 жастағы папама жаны ашып, көрпе жауып жүрген 94 жастағы анасы елді тәнті етті»,– деп жазылған бейнебаянда.

Аналық махаббаттың көрінісі

Желі қолданушылары бұл сәтті:

 «Нағыз ананың бейнесі»

 «Мейірімділік пен жанашырлықтың үлгісі»

 «Жүректі елжірететін видео» деп бағалады.

Түсірілім авторы – @m.shaiky есімді қолданушы.

Пікірлер легі толастамады

TikTok-тағы бейнежазбада қолданушылар пікір қалдырып, ана мейіріміне бас иетінін жазып жатыр:

 «94 жасында да баласын ойлаған ананың мейірімі ерекше»

 «Қанша жасқа келсе де, ана үшін баласы – әрқашан бала»

«Біз осындай аналардан үлгі алуымыз керек» деп жазды жұрт.