$511.37 €583.73 ₽6.46
×

Астанада балаларды қорғау күніне орай 40-тан астам аула ашылды

AstanaTV
01.06.2025ж. 20:21
127
Астанада балаларды қорғау күніне орай 40-тан астам аула ашылды

Астанада биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды қамтиды. Қазірдің өзінде бірқатар жұмыс аяқталған. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елорданың алты ауданында 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Байқоңыр ауданында мерекелік іс-шара аясында 10 жаңа аула ашылды. Олар балалардың ойнап, демалуына қолайлы заманауи орынға айналды. Аталған аумақтарда ойын және спорт алаңдары, шағын архитектуралық формалар, демалыс аймақтары орнатылған.

Жаңа аулалар мына мекенжайларда орналасқан: Сейфуллин көшесі, 41; Бейсекбаев көшесі, 14; Сембинов көшесі, 21; Ғабдуллин көшесі, 1; Торайғыров көшесі, 3; Уәлиханов көшесі, 3; Рахимов көшесі, 91; Шонаұлы көшесі, 39 және 41; Жұбанов көшесі, 3; Торайғыров көшесі, 1.

2025 жылы Байқоңыр ауданында 88 аула абаттандырылады. Олардың ішінде 18-і кешенді түрде жаңғыртылады, ал қалған 70 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. 18 ауланың 12-сі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылмақ.

Алматы ауданында 3 аула толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Жұмыс барысында ойын кешендері, спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері, орындықтар, автотұрақ аймақтары және воркаут алаңдары орнатылды. Ерекшелігі – ұлттық стиль элементтерімен безендірілген шағын архитектуралық формалар: әткеншектер, қосарлы әткеншек, карусельдер.

Ашылу салтанаты мерекелік көңіл-күйде өтті, оған аудан әкімі мен мәслихат депутаттары қатысты. Жобалар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Биыл Алматы ауданында тағы 12 аула абаттандырылмақ.

Сарыарқа ауданының тұрғындарын жаңғыртылған 16 аула қуантты. Капиталдық жөндеу аясында балалар алаңдары, спорт аймақтары, футбол алаңдары жаңартылды. Резеңке жабыны төселіп, жаңа ойын элементтері орнатылды.

Биыл Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы 6 аула абаттандырылады. Қазіргі таңда бұл жұмыс жүріп жатыр.