$511.37 €583.73 ₽6.46
×

14 жастағы жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

AstanaTV
01.06.2025ж. 22:09
119
14 жастағы жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Елназ Қалиахмет есімді 14 жастағы бала ел чемпионы болып, шахматтан Қазақстанның ең жас чемпионы атағын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

14 жастағы жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атандыФото: Шахмат федерациясы

Чемпионат финалы Астанада өтіп, елдің ең мықты шахматшыларын бір алаңға жинады. Ерлер арасында алтын медальді алғаш рет 21 жастағы гроссмейстер Қазыбек Нөгербек иеленді.

Финалға Қазыбек Нөгербек пен Денис Махнёв шықты. Екеуі 9 ұпайдан жинап, чемпион тағдыры рапид және блиц матчтар сериясында шешілді. Шешуші армагеддонда Қазыбек жеңіске жетіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Үшінші орын – Алдияр Аңсатқа, төртінші – Жандос Ағмановқа бұйырды.

Ал әйелдер арасында турнир бойы Елназ сенімді түрде көш бастап отырды. Соңғы турда ол бұрынғы чемпион Әмина Қайырбековамен кездесіп, жеңісін бекіте түсті. Елназ 13 мүмкіндіктен 10 ұпай жинап, рейтингіне +87,6 қосып, қарсыластарынан басып озды. Күміс медаль 15 жастағы Зарина Нұрғалиеваға бұйырды. Қола жүлдені 2021 және 2022 жылдардың чемпионы Меруерт Камалиденова иеленді.