$511.37 €583.73 ₽6.46
×

10 жасар қыз шұғыл түрде санавиациямен Өскеменге жеткізілді

AstanaTV
01.06.2025ж. 23:00
118
10 жасар қыз шұғыл түрде санавиациямен Өскеменге жеткізілді

2015 жылы дүниеге келген оқушы қыз шұғыл түрде Қатонқарағай ауданынан Өскеменге тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Науқас қызды Қазавиақұтқару ұшқыштары Бейбіт Смағұлов пен Шыңғыс Малипьянов санавиация дәрігерлерімен бірге медициналық мекемеге жеткізді. 

Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында оқушы қыз дер кезінде ақ халаттыларға табысталды. 

Айта кетейік, ТЖМ тікұшақтары елдімекендердің үлкен қашықтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тұрақты дайындықта тұрады.