«МузАрт» тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойын ұйымдастыруды кімге тапсырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші бұл ретте ұлының тойын дүркіретін өткізуді танымал продюсер Жан Мұқановқа тапсырған.
«Құрметті мәдениет өкілдері, шығармашылық жандар мен той десе ішкен асын жерге қоятын ағайын! Әділет пен Әдияның үйлену тойына дайындық басталды. Бұл – Сәкен мен Динара Майғазиевтердің жалғыз ұлының үлкен қуанышы. Жәй ғана қуаныш емес – елдің мәдени өміріндегі ерекше сәт. Сол себепті мен, бас продюсер ретінде, барлық декораторды, дизайнерлерді, ұйымдастырушыларды, өнер мен сұлулықты түсінетін серіктестерді рәсми түрде шақырамын, бірге үлкен мәдени оқиғаны жасап шығайық!Кешке 2000 адам шақырылыпты, ал орын максимум 1000-ға арналған. Сондықтан, қазір отырып алып, тізім қарап, ойланып отырмын: кімді қиямыз, ағайын?» - деп жазды Жан Мұқанов.