$512.1 €583.64 ₽6.5
×

1 маусымнан бастап айыппұл енгізіледі: Қазақстандық жүргізушілер не білу керек

AstanaTV
02.06.2025ж. 14:23
91
1 маусымнан бастап айыппұл енгізіледі: Қазақстандық жүргізушілер не білу керек
Фото: Freepik.com

1 маусымнан бастап жазда автокөлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелекпен жүруге тыйым салатын заң күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-тармағына (Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) сәйкес, автокөліктің қысқы дөңгелектерін ауыстырмаған жүргізушілер жауапқа тартылады.

Автокөлік иелері құқық бұзған жағдайда:

5 АЕК (19 145 теңге) айыппұл төлейді;

Құқықбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері төрт есе, яғни 20 АЕК (76 580 теңге) дейін өседі.

Айта кетейік, жаз мезгілінде тікенекті дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынған. Өйткені олар жол жабындысын зақымдап, ыстық ауа райында жолға артық қысым түсіреді.

Қысқы дөңгелекті қашан ауыстыру керек

Заң бойынша, автокөлік иелері 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін тікенекті дөңгелекпен жүруге міндетті. Алайда жағдай көбіне республика бойынша аймақтардағы ауа райына байланысты болады. Жазғы дөңгелекке ауысу үшін ортатәуліктік температура тұрақты түрде +5 градусты көрсетіп тұруы тиіс. Тікенекті дөңгелек төменгі температура кезінде пайдаланылатындықтан, жылы ауа райы кезінде өз қасиеттерін жоғалтады. Ол тым жұмсарып, соңында дөңгелек тез тозып кетеді. Сондай-ақ жанармай шығын артып, басқару да нашарлайды.