$512.1 €583.64 ₽6.5
×

Қазақстанда 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді

AstanaTV
02.06.2025ж. 15:16
94
Қазақстанда 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді
Фото: gov.kz

Егіс науқаны еліміздің барлық өңірінде өтуде, - деп хабарлайды Astana TV.

Бүгінгі күні 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы егіліп, оның ішінде Ақмола облысында – 4,9 млн га, Алматы облысында – 273,4 мың га, Ақтөбе облысында – 509 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 488,6 мың га, Жамбыл облысында – 328,9 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 345,1 мың га, Қарағанды облысында – 1 миллион гектардан астам, Қостанай облысында – 4,7 млн га, Павлодар облысында – 1,2 млн га, Солтүстік Қазақстан облысында – 3,5 млн га, Түркістан облысында – 520,7 мың га, Жетісу облысында – 373,7 мың га, Абай облысында – 618,1 мың га және басқалар.

Дәнді дақылдар 14,3 млн гектардан астам, жемшөпті дақылдар – 880,8 мың га, көкөністер – 119,2 мың га, картоп – 115 мың га, қауын-қарбыз – 85,1 мың га, майлы дақылдар – 3,1 млн га, мақта – 141,6 мың га, қант қызылшасы – 17,8 мың га, күріш – 91,7 мың га егіліп жатыр.

Шаруалармен 1,1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштарды жеткізу туралы келісімшарттар жасалды, оның 976,9 мың тоннасы жөнелтілді.

Егіс науқаны жоспарға сай жалғасуда.