$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Алматыда тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан ер адам қаза тапты

AstanaTV
02.06.2025ж. 17:12
155
Алматыда тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан ер адам қаза тапты
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыдағы Алатау ауданында тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан 76 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, газ жарылған. Өрт болмағанымен, ғимараттың кейбір бөліктері опырылып түскен. Жедел-штаб құрылып, оқиға орнында құтқарушылар, кинологтар мен психологтер жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.