Шымкентте жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Қапал батыр көшесінде болған. Mercedes жүргізушісі тежегіш басып үлгермей, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған 40 жастағы әйелді қағып кеткен.
Алған ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.
Қазір қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр. Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.