Алматыда Алатау ауданындағы «Шапағат» шағынауданында газ жарылып, бір адам қаза тапты. Жедел құтқару тобы дереу жетіп, үйіндінің астынан ер адамның мәйітін тапты. Баспананың түгі қалмай, қираған. Арнайы жасақ, кинологиялық қызмет сондай-ақ қалалық 109 қызметі көмекке жұмылдырылды.Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу тобы анықтауда.