$512.1 €583.64 ₽6.5
×

Қызылжарда қыз балалар бірнеше ай бойы сыныптасын ұрып, ақша бопсалаған

02.06.2025ж. 20:00
77
Қызылжарда қыз балалар бірнеше ай бойы сыныптасын ұрып, ақша бопсалаған

Қызылжарда мектеп оқушылары бірнеше ай бойы сыныптасын ұрып, ақша бопсалаған. Оқиға Петропавлдағы нөмірі 9-орта мектепте болған. 6 бірдей қыз бала өз құрбысына қоқан-лоқы көрсетіп, теріс әрекеттің барлығын бейнетаспаға жазып отырған. Жеткіншектердің сұмдық әрекеті былтыр қыркүйекте басталып, биыл мамырға дейін жалғасқан. Қыздардың әлімжеттігінен қажыған жәбірленуші тарап ақыры полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары іс қозғады.

ГҮЛМИРА БАЯНДИНА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ АНЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Екі кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен 4 ата-анаға қатысты әкімшілік материалдар жиналды. Қазір ақша бопсалау ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық процессуалдық істер бақылаушы органның қадағалауында болмақ.