$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан отандасымыздың ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

02.06.2025ж. 20:00
99
Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан отандасымыздың ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан отандасымыздың ісіне байланысты Египет тарапы қылмыстық іс қозғады. Оны мысырдың көлік министрі бақылауға алған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Марқұмның денесі 21 мамырда елге жеткізілген. Ал моральдық өтемақыны мысырлық тарап төлеуі тиіс. Айта кетейік, 17-мамыр күні Шарм-эль-Шейх әуежайында Астанаға ұшуға дайындалып тұрған Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанованың үстіне жарнама экраны құлап, әйел көз жұмды.

АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиғадан кейін біз Египет билігімен осы мәселені шындап талқыладық. Курорттар мен әуежайларда қазақстандық жолаушылардың қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілуін сұрадық. Өйткені Египет біздің туристер үшін танымал бағыттардың бірі.