Естімеген елде көп. Баянауылда 2 қабатты тұрғын үй салғандар, жылу қазандығын салмаған. Жаңа 24 пәтерлі үй қыста жылынбайды. Тұрғындар тек электр пешімен жан бағуға мәжбүр. Қазір баспанада 6 ғана отбасы тұрып жатыр. Қалған 18 пәтердің иесі көшіп кеткен. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.
Ғанибат Мәди – жас маман. Жолдасы аудандық ауруханада жұмыс істейді. Оларға 1 жыл бұрын аудан орталығынан пәтер берген. Бастапқыда қуанғанымен, кейін қуанышы су сепкендей басылыпты. Өйткені, бұл үйде қыста тұру мүмкін емес.
ҒАНИБАТ МӘДИ, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жазда ғана келеміз. Где-то 4-5 айда күн жылынғанда ғана келеміз. Баламен қыста тұра алмаймыз. Қыста өзім аяғым ауыр кезде тұрдым суық болды. Жел күндері есіктен аңырап тұрады үйге. Есікке одеял істейміз. Ұстап қоямыз. Есіктің арасынан келіп тұрады.
Қыста қатты суықтан үйдің қабырғалары көгеріп кеткен. Тіпті, кейбір пәтерлердің едені опырылып, қабырғасы шытынып жатыр. Тұрғындар үйіміз құлап қала ма - деп қорқады. Ал пәтердің коммуналдық төлемі тіпті қымбат.
ҒАНИБАТ МӘДИ, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Комуслуга бізде қымбат келеді. 33 теңгемен есептеп тұр. Тем более қымбат ол. Ну, амалсыздан төлейміз. Басқа варинат жоқ. Қыста деген солай шығады 107 мың, 108 мың, 80 мың солай келеді. Төлейміз енді тұрып жатқаннан кейін. А то светті өшіріп кетеді.
Ал баспананың жертөлесі суға толы. Үйді салғандар жертөлеге кірер есік жасамаған. Тұрғындар мәселесін айтып, әкімдіктің табалдырығын тоздырғанмен, қайыр болмапты.
ВИКТОР ЛУПАНЧУК, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мұнда су ағып жатыр. Таңертең кешке су болмай жатыр. Ана жақта бір әйнек бар. Соның ішінде трубадан ағып жатыр. Сол білмейміз қай жерден су ағып жатыр. Қай колодецта білмейміз. Үйдің ішіне кіресің суық.
Ал әкімдік мәселені 2 жылдан бері шешуге тырысып жатқандарын айтады. Үйге жылу қазандығын салу бойынша жоба жасаған. Жыл соңына дейін аяқтаймыз - дейді.
АРДАҚ КІСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жанағы жылу жүйесі электр жүйесімен болған соң, халыққа қатты көмегі тиді деп айтуға болмайды. Бірақ, биылғы жылы жылу жүйесін котельныймен қатты отынмен жұмыс істейтіндей көшіру бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Оған осы нақтылауда 10 млн.-нан астам қаражатқа сметасын жасады.
24 пәтерлі тұрғын үй осыдан 6 жыл бұрын қолданысқа берілген. Баспанаға жас мамандар мен үй кезегінде тұрған жетімдер қоныстандырылыпты. Алайда, қыста суық болғандықтан 18 отбасы пәтерін тастап, бас сауғалап кеткен.