"Балам ауырып жатыр, көмектесіңізші". Міне, осындай жазбамен көлігіңіздің сыртына сулы майық қалдырып кетеді. Болмаса дәл сондай жазумен ту таратады. Онда телефон нөмірі жазылған. Бұл рас жанайқай ма, әлде эмоциямен ақша табудың айласы ма — әріптесім Назерке Алтынбек анықтап көрді.
Көлігінің әйнегінен осындай жазуы бар сулы майлық тапқан тұрғын бұл көріністі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Жазбада көрсетілген телефон нөмірі мен есімнің өзге қалаларда да қайталанғаны байқалған. Мақсат – ақша сұрау. Бірақ кім үшін? Бұл жағдай желі қолданушыларын екіге бөлді.
- Мәә, Ақтауда да осылай қыстырып кетіп жүр. Гипермаркеттен шықсақ машинаға қыстырып кеткен. Ақша аударармын дедім де қойдым.
- Онда тұрған не бар? Салфетка керек әр кезде. Ары кетсе 500 тг бересің. И что? Где тут приступление?
- Логикаларыңыз қайда? Олар шын мұқтаж болса, бұл салфетканы сатып ала алмас еді ғой! Сіз аудармасаңыз оларға шығын ғой. Значит бұл жерде бір шикілік бары анық!
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Қазір біз де осындай жазуы бар салфетканы көлікке қойып көреміз. Жазбада 5 балам бар, тым болмаса салфетканың ақшасын жіберіңізші делінген. Иә, 5 балам жоқ. Бірақ — журналистік қызығушылық бар. Қарапайым көлік тұрағында адамдар мұндай жазуға қалай реакция білдіреді екен, бірге көрейік.
БЛИЦ:
- Алдындағы салфетканы көрдіңіз бе? Мұндай жазуды көрсеңіз сіз бірінші не істейтін едіңіз? Қандай ой келетін еді?
- Ну, скинула бы деньги на каспи
- Скинули бы? А почему?
- Ну, оставили же салфетку. Надо же оплатить
- Вы бы отправили деньги за салфетку хотя бы?
- Да, отправила бы, конечно чужь нет если такая ситуация сложилась у людей, почему бы не отправить.
- А может они мошенники?
- Ну, честно говоря, я не беднею, а они не разбогатеют.
- Мынандай жазба тұр еді, сіздер көрсеңіздер не істейтін едіңіздер?
- Көп бізді алдады осы туралы. Қарамаймыз.
Елімізде қайыр тілеудің мұндай түріне нақты тыйым салынбаған. Тек қоғамдық орында сізден мәжбүрлі түрде ақша сұраса, ол адам әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ал жазба қалдыру – заң жүзінде жазаланбайды. Бұл әрекетті тіпті алаяқтық деп дәлелдеу де қиын. Осындай жолмен автобустарда ту ұсыну, ойыншық тарату сынды жағдайлар да кездеседі. Бұл жөнінде заң қызметкері былай дейді.
ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:
449 бабта нақты көрсетілген, яғни қоғамдық орындарда бір нәрсені сату немесе қайыр тілеу сияқты, сату сатып алу фактілері, яғни олардың егер де қандай да бір рұқсаттамасы болмаса, жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Немесе ескертілу деп қарастырылған.
Алаяқтар шынайы мұқтаждардың үмітін көлеңкелемей, қоғам адамгершілікті аңғалдықпен шатастырмай үйренуі керек. Көмектескіңіз келсе, тексеріңіз. Сенім — тек жүректен емес, ақылдан да басталуы тиіс.