Қызылорданың сол жағалауынан физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі ашылды. Заманауи үлгіде жабдықталған білім ордасы болашақ ғалымдарды түлетпек. Технология мен ғылымға бейімделген дарынды балалардың терең білім алып, жан-жақты дамуына жол ашады.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
8 млрд теңгеге жаңа физикалық математикалық мектеп салынып жатыр. Мектептің ерееһкшелігі тек қана Қызылорда облысының балалары ғана емес, бүкіл республиканың балалары оқуға мүмкіншілік болады. БИЛмен бірге ашылды. Сонда республикадан ең мықты ұстаздар келеді. Физика, математика, химия, информатика пәндерін ағылшыннан үйретеді.
Қалада одан өзге облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қазанғап атындағы Қызылорда жоғарғы колледжінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Талай таланттар мен өнерлі өрендерді тәрбиелеп отырған оқу орны бұған дейін ескі нысанда болды. Жатақханасының жайы да мәз емес еді. 350 студент тар, ешқандай талапқа сай келмейтін жатақхана типтес ғимаратта оқып келді. Сондықтан демеушілер есебінен салынған жаңа нысан көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялатты.
МҮСІЛІМ ӘМЗЕ, ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жоба құны 4,8 млрд.теңге. «Саутс-Ойл» мұнай компаниясының демеушілігімен салынып отыр. Және қасында бөлек инвестордің есебінен 5 қабатты жатақхана және жартысы оқу корпусы болып есептеледі. Соның барлығын кластарын есептегенде бізге жетеді. А блогында үлкене концерт зал бар 250 орындық. Өздеріңіз көрдіңіздер ішінде акустикалық бүкіл жағдайдың барлығы жасалған. Одан бөлек балет, хореография кластары бар.