$512.1 €583.64 ₽6.5
×

"WorldSkills Astana-2025" кәсіби шеберлік чемпионаты мәресіне жетті

"WorldSkills Astana-2025" кәсіби шеберлік чемпионаты мәресіне жетті

«WorldSkills Astana-2025» кәсіби шеберлік чемпионаты мәреге жетті. Елордада өткен салтанатты шарада жеңімпаздар марапатталды. Білім додасында 500 студент пен оқушы бақ сынаған. Сайыс қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Биылғы чемпионат жұмысшы мамандықтар жылына негізделген. Оған 300-ден аса колледж студенті мен 200-ден астам оқушы қатысты. Байқау аясында мұнан өзге бірнеше чемпионат ұйымдастырылған. Ол мүмкіндігі шектеулі және есту қабілеті бұзылған білім алушылар мен мектеп оқушылары арасында өткізілді.

АҚМАРАЛ ХОН, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп отырғандықтан, осы жұмысшы мамандықтарды әрі қарай дәріптеу. Осы мамандықтарға балалардың қызығушылығын арттыру. Сондықтан бүгінгі жабылуына колледж студенттерімен қатар мектеп оқушыларын да шақырып отырмыз.

Астанадағы құрылыс-техникалық колледжінің студенті Аллажар Хамитов командасымен бірге байқаудың алтын медалін жеңіп алды. Электрмен қамтамасыз ету мамандығында біліп алып жатқан жастың жобасы көпшілікті қызықтырды.

АЛЛАЖАР ХАМИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Оның айырмашылығы – қазір бізде оны пультпен басқарады ғой. ол сәтте бәрі программа арқылы жасалды, компьютер арқылы. Компьютерге бізге бір сағаттай уақыт беріледі. Сол уақытта біз компьютермен жұмыс істейміз. Басқан кезде программа өзі істейді. Шлагбаум өзі ашылады. Бір кнопка арқылы бәрі өзі жабылып, ашылып өзі істей береді әрмен қарай.

Білім бәсекесінде 50 кәсіби бағыт бойынша көшбасшылар анықталды. Әр жеңімпаздың жұмысы елдің дамуына өзіндік үлес қоса алады, дейді мамандар.