$512.1 €583.64 ₽6.5
×

Шымкентте саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары музейінде ашық есік күні өтті

Шымкентте саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары музейінде ашық есік күні өтті

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ашық есік күні өтті. Мұражай қорында жинақталған материалдардан «Ғасыр үні» тақырыбында көрме жасақталды. Келушілер музейдің экспозиция залы мен көрмелерді, деректі фильмдерді тегін тамашалауға мүмкін алды. Қазір мұражайда 16 мыңнан астам қор бар. Мұнда еліміздің әр түкпірінде қуғын-сүргінге ұшыраған қайреткерлердің өмір жолынан сыр шертетін архивтік материалдар, фотосуреттер мен көзі тірісінде қолданған заттары сақтаулы тұр.

ГҮЛБАХИРА МОМЫНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мамам Қожамұратова Жамал, әкесі – Қожамұратов Ілияс. 1938-ші жылы әкесін қуғын-сүргіннен ұстап әкеткен. Қарағандыда істеп жүрген кезде қуғын-сүргін несінен түсте обедтенем деп келген кезде бір топ жандармдар келіп, ұстап әкеткен екен. Құран оқып тұрамыз осы жерге кеп, құдды атамыздың үйіне келгендей келіп тұрамыз.