$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Атырауда «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ерекше балаларға арналған шара өтті

Атырауда «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ерекше балаларға арналған шара өтті

Бар жақсылық балаларға. Атырауда «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара Еркінқала ауылындағы «Нұрлытал» этноауылында «Жанеркем-ай» қоғамдық бірлестігі бастамасымен өтті. Тірек-қимыл жүйесінде ақау бар 50 бала алдымен өнерпаздардың концертін көрді. Кейін этноауыл дайындаған мерекелік дастарханнан дәм татты. Пария мүшелері әр балаға сыйлық тарту етті.

РАЙХАН ИБРАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзімнің баламмен «Жанеркем-ай» қоғамдық қорынан келіп тұрмын. Осы шақыртуды естігенде баламда қуаныш болды әриен. Баламды осындай әрбір іс шараға жақсы көңілл күймен келуінің өзі ата-аналарға үлкнн бір қуаныш деп ойлаймын.

АЛИЯ ҚҰБАЕВА, «ЖАНЕРКЕМ-АЙ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жерде ерекше бала, сау бала бәрі бірлесе отырып, инклюзия арқылы осындай үлкен көңіл-күймен осындай жерге келіп қалып жатырмыз. «AMANAT» партиясына үлкен рахметімізді білдіресіз. Және этно ауыл басшысына да алғысымды білдеремз. "Жанеркем-ай" қоғамдық қорындағы 50 ерекше ерекше көңіл-күй сыйлағанына және әдемі дастарханға.