4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні. Мереке еліміздің барлық өңірінде жыл сайын атап өтіледі. Мәртебелі мейрам қарсаңында солтүстіктегі қызылжарлық балалар сурет салып жарысты. Байқауға орталық алаңда серуендеп жүрген бүлдіршіндер қатысып, рәміздерді бейнеледі. Қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Шаһар тұрғындары үшін айтулы датаның мәні мен маңызы зор.
ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Біздің мақсат қандай? Жалпы адамдар күнделік көріп жүрген дүниені көп мән бермеуіміз мүмкін. Дәл осы орайда барша қала тұрғындарын, қала қонақтарын рәміздердің мағынасына, мәніне, авторларына көңіл бөліп, тағы бір еске салу.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттың бет-бейнесі. Оралдықтар да ұлттық символдарды біліп қана қоймай, жанында ұстауды жөн көреді. Туды төрге іліп, әнұранды жатқа айтуымыз керек дейді.
БЛИЦ:
- Рәміздер әр адам үшін қымбат болуы тиіс. Ол бір ұлттық рухты көрсететін, біздің ұлттық бет-бейнеміз десек те болады.
- Мына қарапайым туымыз болсын, әр үйдің төрінде ілініп тұрғаны қандай жақсы? Соны бала кезден жас балаларға үйретіп, оның қадірін түсіндірсе ата-аналары...
- Аты айтып тұрғандай өзіміздің мемлекетіміздің, туған жеріміздің, еліміздің рәміздері болғандықтан, әрбір жан үшін баға жетпес құнды зат деп ойлаймыз.
- Әнұранды әрбір адам қастерлеп сақтауы керек және де әр адам өзінің үйінде, жұмыс орнында көк туын желбіретіп тұруы керек деп ойлаймын.