$512.1 €583.64 ₽6.5
×

Шымкенттегі әлеуметтік мәселелер мен жемқорлық деректері «AMANAT» партиясының бақылауында

Шымкенттегі әлеуметтік мәселелер мен жемқорлық деректері «AMANAT» партиясының бақылауында

Шымкент қаласындағы жемқорлықтың жай-күйі әлі де жүйелі күресті талап етеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Жемқорлық фактісі, әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру салаларында жиі кездеседі. Тендер төңірегінде де бармақ басты, көз қысты әрекеттер баршылық. Соңғы екі жылда мегаполисте 195 пара алу, 67 ұрлық және 5 қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану жағдайы тіркелген.

ЕРЛАН САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Жер қатынастары, сонымен бірге құрылыстардың уақытылы аяқталмауы, және Қазақстанға тән әсіресе білім, мектеп деңгейіндегі жемқорлық болып табылады. Бұл бойынша Шымкент қаласында жұмыстар жүріп жатыр. Нақты кемшіліктер бойынша оны шешудің амалдарын біз қазір жасаймыз.