$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Байқамай отырғанда түсіріп алған: Назым Қызайбайдың видеосы желіде таралып кетті

AstanaTV
02.06.2025ж. 22:54
Байқамай отырғанда түсіріп алған: Назым Қызайбайдың видеосы желіде таралып кетті
Фото: Olympic.kz

Боксшы Назым Қызайбайдың тамақтанып отырған сәтін қасында отырған адам видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбадан боксшының аузын сүртпестен, алаңсыз бургер жеп отырғанын, бір кезде видеоға түсіріп жатқанын байқап қалып, жымиғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары чемпион қызға не істесе де жарасатынын жарыса жазып жатыр.

«Қайта-қайта сүрткенше, жеп болған соң бір-ақ сүртейін деген шығар, қызықсыңдар», «Оған бәрі жарасады», «Назым қалай жесе де жарасымды», «Мынау қай жердің бургері? Таба наннан жасаған ба?», - деп жазды олар.