$512.1 €583.64 ₽6.5
×

Әнші Бүркіт тойханада оқыс оқиғаға тап болды

AstanaTV
03.06.2025ж. 00:16
136
Әнші Бүркіт тойханада оқыс оқиғаға тап болды
Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Әнші Бүркіт Шымкент қаласына тойға барып, оқыс оқиғаның куәсі болғанын айтты, - деп жазды Aikyn.kz

Әнші өрт болып жатқан сәттің видеосын желіге жариялады.

“Шымкентке ұшып, тойханаға келсек, тойханамыздан түтін шығып жатыр. Адамдар аман. Аллаһым амандығын берсін! Тұрақта тұрған машина жанып кетті дей ме, сондай бір жағдай. Елдің бәрі далада жүр”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары тойханаға келген қонақтардың амандығын тіледі.

"Алла амандығын берсін. Той иесіне сабыр, әр нәрсенің қайыры бар деген", "Той иесіне обал болды, қанша күн дайындалғаны құр кетті", – деп жазды көпшілік.