$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Қызылорда облысында 6 жаңа көлікті тиеген автовоз өртеніп кетті

AstanaTV
03.06.2025ж. 07:28
98
Қызылорда облысында 6 жаңа көлікті тиеген автовоз өртеніп кетті
Фото: ТЖМ

Бүгін Қызылорда облысындағы «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автожолында 6 автомобильді тасымалдап бара жатқан көліктен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзім ішінде сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.