3 маусым таңға жуық Эгей теңізінде магнитудасы 5,8-ге тең жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркия ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде, Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 км қашықта болған. Жерасты дүмпуінің ошағы 67,91 км тереңдікте орналасқан.
Мугла губернаторы Ыдырыс Акбыйык жер сілкінісінен үрейленген адамдар биіктен секіріп кеткен, салдарынан 34 адам түрлі жарақат алған.
Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан Мармаристегі екі ғимараттың қабырғасында жарықтар пайда болған.