$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Аш қарынға кофе ішуге болмайды — мамандар

AstanaTV
03.06.2025ж. 13:34
128
Аш қарынға кофе ішуге болмайды — мамандар

Қазақ: «Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама», – дейді. Әлемдік зерттеушілер де таңғы астың адам денсаулығына, ми жұмысына әсер ететінін бірнеше рет дәлелдеген. Иә, таңғы ас ішудің өзінің қалыптасқан нормалары бар. Егер ол сақталмаса, адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Таңғы астың пайдасы

Таңғы асын уақытылы ішетін балалар мен ересектердің оқу қабілеті, зейіні, ынта-жігері жақсы болады. Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мамандары осылай дейді. Олар арнайы зерртеу жүргізіп, таңғы ас миды энергиямен қоректендіріп, балалардың ақпаратты жылдам қабылдауына септігін тигізетінін анықтады. Мәселен, сабаққа таңға ас ішіп келетін студенттердің емтихан нәтижелері орта есеппен 10-15% жоғары болған. Ал Кембридж университеті жариялаған мета-талдау бойынша таңғы ас ішпейтін адамдарда екінші типті диабетке шалдығу қаупі 21% жоғары. PubMed деректеріне сүйенсек, таңғы ас ішпеу жүрек-қантамыр ауруларының қаупін 25% арттырады.

Таңғы ас ішпеудің салдары

Мамандар таңғы асты мейлінше уақытылы ішуге кеңес береді. Алайда таңертең кей адамның асқа тәбеті болмайды. Мұндай кезде таңғы асты мәжбүрлі түрде ішудің қажеті жоқ. Өйткені асқазан-ішек жүйесінде жайсыздық болуы мүмкін. Бұл әсіресе гастрит, рефлюкс немесе диспепсиясы бар адамдар үшін маңызды. Ал кей адамдар таңғы асты әдейі «арықтаймын», – деп ішпейді. Дегенмен бұл адамға кері әсер етуі мүмкін. Жалпы таңғы асқа не жейтініңіз, астың құрамы маңызды. Егер таңертең тәтті тоқаш немесе газдалған сусын ішу бұл қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне әкеледі. Сөйтіп, адам денесі делсалданып, ұйқысы келе береді. Әрі қарны аша береді. Сол себепті британдық Нутрицология журналының зерттеуіне сәйкес жоғары гликемиялық индексі бар таңғы астар семіздік пен қант диабетіне себепші болады.

Аш қарынға кофе ішуге болмайды

Әдетте таңды кофе немесе шаймен байланыстырымыз. Десе де мамандар кеңесіне құлақ түрсек, кофе құрамындағы кофеин мен органикалық қышқылдар асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді. Бұл гастриті бар адамдарға өте қиын. Кофені жөнімен ішпесе, күйзеліс гармонын арттырады. Яғни аш қарынға кофе ішу кортизол деңгейін көтереді. Салдарынан адам ұйқысы келіп, маза кетіп, қан қысымы ойнап тұрады. Сол себепті адам ұйқысынан оянған сәтте алдымен аш қарынға жылы су, 30 минут ішінде құнарлы таңғы ас, ал кофе мен шайды тамақтан кейін ішуге кеңес береді. Алайда жақсы әзірленген табиғи кофе оянуға, метаболизм жұмысын жақсартуға көмектеседі. Бірақ кофе сүтсіз, тәтті сироптарсыз және қантсыз болған жөн. «Орташа мөлшерде кофе ішу жүрек-қантамыр аурулары қаупін азайтуы мүмкін. Ал шамадан тыс қолдану ағзаға керісінше әсер етеді. Күніне 3-5 шыныаяқ кофе ішу II типтегі диабет қаупін 30–40%-ке дейін азайтады. Табиғи кофе бауыр циррозы мен майлануының қаупін төмендетуі мүмкін. Әрі кара кофе құрамындағы қосылыстар Альцгеймер мен Паркинсон ауруының даму қаупін төмендетеді» 

 Бұл туралы 24.kz хабарлайды.