Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің үлкен қызы Айсәулеге сұхбат беріп, қырық жастан кейін суррогат анаға бала таптыру үшін биологиялық материал беру оңай емес екенін айтты, деп жазады turkystan.kz.
«Биологиялық ата-ана деген түсінік бар. Әйелдің аналық жасушасы мен ер адамның аталық ұрығы алынады. Ол ерлерде оңай, бес минутта жасалады. Ал әйелдерді дайындау керек. 35 жасқа дейін оңай. Ал егер жасың қырықтан асқан болса бұл процесс оңай емес, ұзаққа созылады. Ауырады. Бірақ ол саған қажет болса шыдауға болады», - дейді продюсер.