$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Музейден президенттің мүсіні ұрланды

AstanaTV
03.06.2025ж. 16:31
123
Музейден президенттің мүсіні ұрланды

Франция астанасы Париждегі белгілі Гревен музейінен Франция президенті Эммануэль Макронның балауыздан жасалған мүсіні ұрланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы жергілікті БАҚ полициядағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Париждің 9-округінде орналасқан музейде таңертең болған. Музейде әйгілі тұлғалардың балауыз мүсіндері қойылған.

Қылмыскерлер – екі әйел мен бір ер адам – таңертең музейге кіріп, Макронның мүсінін алып кеткен. Олар өзін музей қызметкерлері етіп көрсетіпті. Greenpeace экологиялық ұйымының мүшелері болуы мүмкін деген болжам бар.

Ұрылар мүсінді матаға орап, музейдің қосалқы есігі арқылы сыртқа шығарған.

Мүсіннің құны шамамен 40 мың еуроға бағаланады.