Елімізде мемлекеттік сатып алу мерзімі 10 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Бұған дейін конкурс өткізуге және сатып алумен айналысатын жеңімпаздарды анықтауға шамамен 2 ай кететін.
Жаңа заңнамадағы өзгерістер жайлы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл баяндады. Оның айтуынша, рейтингтік баллдық жүйе бойынша мердігер бес күнде таңдалынып алынады. Ал конкурс бойынша мердігер он күнде анықталады.
Бұдан бөлек Қазақстанда офтейк-келісімшарттарды қолдану тәжірибесін кеңейту ұсынылды. Үкімет отырысында машина жасаушылар одағының төрағасы осындай бастама көтерді.
Мейрам Пішембаев "Мұндай тәжірибе тек мемлекеттік компанияларға ғана емес, мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындарға да қатысты болуы тиіс",- дейді.
Пішембаев Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай ішкі өндірісті екі есе арттыру жөніндегі тапсырмасын осылайша жүзеге асыруға болатынын айтты,-деп хабарлайды 24.kz.