$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Текеліде жедел жәрдем жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды

AstanaTV
03.06.2025ж. 17:41
119
Текеліде жедел жәрдем жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды

Текелі қаласында 2 маусым күні Әуезов-Гагарин көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел жәрдем көлігінде науқастар болған-болмағаны әзірге белгісіз.

Желіде тараған бейнекадрларға қарағанда, жол-көлік оқиғасы кезінде жедел жәрдем көлігінің жарық дабыл шамдары қосулы болған.

Telegram желісіндегі «Криминальный Казахстан» каналының мәліметіне сүйенсек, Жетісу облыстық Полиция департаменті аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.