Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президентке әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Биыл 1-ші мамырға дейін 143 мың адам жұмысқа орналасты. 232 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, өндірістік жарақат алу көрсеткіші бірінші тоқсанда 17 пайыз, өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар 5 пайыз төмендеген.
Жұмысқа орналасты 143 мың адам
Әлеуметтік көмек алды 232 мың адам
Өндірістік жарақат алу 17% төмендеді
Қайғылы оқиғалар 5% төмендеді