4 маусым-мемлекеттік рәміздер күні. Соған орай Астанада 3000 рубик текшесінен елтаңба бейнеленді. "Amanat" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының қолдауымен speedkoobing федерациясы ұйымдастырған акция- алғашқы перфоманстардың бірі. Ұзындығы 4, ені 3 метр болатын туындыны құрастыруға 10 сағатқа жуық уақыт кетті. Қазір әріптесім Сүндет Оралбек Нұрлы жол алаңынан тікелей қосылуға дайын. Сүндет, мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараға қала тұрғындарының ықыласы қандай?
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК ТІЛШІ:
Рахмет, Лаура. Елтаңба бейнеленген перфомансқа халықтың ықыласы ерекше. Алаңға жиналғандар таңырқай қарап, лебіздерін білдіруде. Елтаңбаны бейнелеуге speedkoobing федерациясының 6 мүшесі білек сыбана кіріскен. Сағат 11ден бастап тынымсыз еңбек етуде. Ұзындығы 4, ені 3 метр болатын елтаңбаны бейнелеуге 3000мың кубик кеткен. Ал бір кубикті құрастыруға орта есеппен 15 секунд қажет. Қазір перфоманстың соңғы текшелері қойылып жатыр. Осы тұста ұйымдастырушыларды сөзге тартсақ. Қазір менің қасымда "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Акерке Искандерова тұр. Ақерке, бүгінгі шараның мән-маңызы неде?
АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
"Жастар рухы" жастар қанаты speedkoobing федерациясымен бірлесіп бұған дейін де осыған ұқсас перфоманстар құрастырған. Еңбекпен қатар төзімді талап ететін акцияға қызығушылық танытқандар өте көп. Жауаптылар алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасатынын айтады. Лаура, мендегі ақпарат осы. Сөз өзіңде!