$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Жастар қала көшелеріне Мемлекеттік Ту іліп, рәміздерге құрмет көрсетті

AstanaTV
03.06.2025ж. 20:00
110
Жастар қала көшелеріне Мемлекеттік Ту іліп, рәміздерге құрмет көрсетті

Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде  патриоттық шаралар қолға алынды. Акция аясында жастар өз үйлері мен оқу орындарына, кәсіпорындарға Мемлекеттік Туды іліп, рәміздерге деген құрметті насихаттауда.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мақсатымыз көк туымыз әрбір тұрғынның үйінен осы әрбір біздің өңірде желбіреп тұрса деген ниетіміз бар. Сондықтан да 3 жыл бұрын осы акциямызды бастадық қазіргі уақытта біз Республика күніне немесе қандай да бір мемлекеттік мерекелерде осы көк туымызды көп қабатты үйлерге, кеңселерде ілу бойынша жұмыстар жүргіземіз. 


Жамбыл облысында да жастар елдіктің символына айналған көк туды жоғары орындарға іліп, мерекелік рух қалыптастыруға үлес қосуда.  Елтаңба, Ту, Әнұранның маңызын кеңінен насихаттау арқылы  жас ұрпақты мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеп, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырмақ. 

ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Бұндағы мақсатымыз- жастардың бойында, қала тұрғындардың бойында мемлекеттік рухты, патриоттығымызды көтеру. Жастардың арасында туды желбіретіп, үлкен орындарға ілуді насихаттау.