$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан екі баласынан айырылған ана апатқа кінәлі адамды жауапқа тартуды сұрайды

03.06.2025ж. 20:00
109
Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан екі баласынан айырылған ана апатқа кінәлі адамды жауапқа тартуды сұрайды

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі бірдей баласынан айырылған ана апатқа кінәлі азаматты жауапқа тартуды сұрайды. Рақымбаева Ләззаттың 29 жастағы ұлы мен 34 жастағы қызы 8 ай бұрын көлік апатынан қаза тапқан. Немересі мен 4 жиені жетім қалды. Балалардың ең кішісі жасқа да толмапты.  Облыстық полиция департаменті істі созбақтап, жол көлік оқиғасына себеп болған Газ 35 автокөлігінің жүргізушісін жауапқа тартқысы келмей отыр, - дейді.  

Ләззат Рақымбаева кіп- кішкентай балалармен жалғыз қалған күйеу баласын көрсе көз жасын тия алмайтынын айтады. Кіші жиені туылғанына 2 апта толғанда анасынан айырылыпты. Одан үлкендері 2, 7 және 12 жаста. Оқыс оқиға былтыр қазанның 11- інде Нұра- Теміртау трассасында болған. Ұлы Сағат Нұрлыхан тізгінде, қызы Рақымбай Эльвира жанында отырып екеуі Фольксвагенмен келе жатқанда кенет алдарынан ГАЗ 35 автокөлігі шығады. Жігіт кедергіден қашамын деп КАМАЗ- дың астына түседі. Алайда нақты дәлел, сараптамаларға қарамастан облыстық полиция департаменті кінәліні қорғаштап, керісінше бар жауапкершілікті ұлымның мойнына ілмекші,- дейді анасы.

ЛӘЗЗАТ РАҚЫМБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Екі баламнан айырылдым енді. Кінәлі адамдар келіп бізден кешірім сұрағанда, көмектерін бергенде біз мұндайға бармайтын едік. Міне 8 ай болды, ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Менің ұлымды кінәлаймын дейді. Менің ұлым кінәлі емес.


НҰРЛАН МУСРАУНОВ, ҚОРҒАУШЫ:

ГАЗ автомаобиль көлігі сплошной линия дейді ғой, соны кесіп өтіп тыйым салынған жерде озып алдына шыққан осы фольксваген көлікке кедергі жасап. Оң жақта КАМАЗ жүріп келе жатқан. Сондықтан фольксваген жүргізушісі мәжбүр болған оң жаққа обочинаға шығып маневр жасаған. Обочинаға шыққанда көлікті айналдырып- айналдырып КАМАЗ- дың астына лақтырып жіберген. Сол кезде сол екі адам қайтып болып отыр.


Отбасы бүгінде бір емес екі қорғаушы жалдаған. Авдвокаттар 8 айға созылған істі жеделдетуді сұрап, облыстық тіпті бас прокуратураға да арызданды. Алайда полиция өз дегенінен қайтпады. Марқұм Рақымбай Эльвираның күйеуі Әлібек Батықов болса кішкентайларымен үйде отыр. Кенжесі 8 айға енді толған.  

ӘЛІБЕК БАДЫҚОВ, МАРҚҰМНЫҢ КҮЙЕУІ:

Бүкілі қазақ жүзінде бәрі дәлелденіп тұр, что ГАЗ- дың шопыры встречкаға шықты, аварийный ситуация создавать етті. Оның бәрін жоққа шығарып тұр да бұлар. Жазасын тартқанын талап етеміз, әділдік талап етеміз.


ҚАЙРАТ МУСИН, ҚОРҒАУШЫ:

Сараптамалар, олардың барлығына ГАЗ көлігінің жүргізушісі қатысты. Сараптама қорытындысы бойынша нақты оның кінәлі екені белгілі болды. Бірақ соған қарамастан әлі күнге дейін сотқа іс жөнелтілмей отыр.


Біз осы іс бойынша облыстық полиция департаментіне хабарластық. 

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК- нің 345 бабы, 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып бүгінгі күнге дейін жан- жақты тергеу әрекеттері жүргізілді. ГАЗ 35 автокөлігінің жүргізушісін кінәлі деп танып,  оған айып тағылып қылмыстық іс толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушылар осы қылмыстық іспен танысуда.Қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданатын болады. 


Соттың қандай шешім шығарары белгісіз. Негізі аталған баппен жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқынан және 5 тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, «АстанаТАЙМС», Қарағанды облысынан.