$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанның құрметті консулдарына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне әріптес іздеу ұсынылды

AstanaTV
10.07.2017ж. 20:00
2826
Қазақстанның құрметті консулдарына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне әріптес іздеу ұсынылды

Қазақстанның құрметті консулдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне әріптес іздемек. Бүгін Сырты істер министрлігінде өткен консулдардың алғашқы съезінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарушы директоры Айнұр Қуатова шетелдіктерді банкке инвестор іздеуге шақырды. Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тиісті жинақтарды 2003 жылдан бері жүргізіп отырған елдегі жалғыз банк. Айнұр Қуатова жаңа әріптес акционерлік капиталды тартып қана қоймай, ипотекалық несиелеу нарығындағы банктің құзыретін арттыруға да септігін тигізеді деп атап өтті.

Айнұр Қуатова, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі АҚ басқарушы директоры:

Экономикаға инвесторларды тартудың тағы бір жолы - холдинг құрамына кіретін нысандарды жекешелендіру. Бүгінде еншілес ұйым - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық әріптес табу үшін жұмыстар басталып кетті. Осы орайда құрметті консулдардан біздің банкке стратегиялық әріптес іздеу жұмыстарына қосылуды сұраймыз.