$511.67 €582.38 ₽6.53
×

100-ден аса адам мәйіт доноры болуға келісім берген

03.06.2025ж. 20:00
108
100-ден аса адам мәйіт доноры болуға келісім берген

Жыл сайын күту парағында тұрған 300-ден аса адам қайтыс болады. Өйткені елде донор тапшы. Мәселен биыл 100-ге жуық адам ғана өлгеннен кейін ағзасын алуға рұқсат берген. Ал, үмітпен жүрген науқастандың саны - 4 мыңнан асады. Оның 128-і- бала. Толығырақ келесі сюжетте. 

Жәнібек Оспанов – қайтыс болған адамның жүрегін алған алғашқы қазақстандық. Ол 2012 жылы кардиохирургия орталығында кезекті ота жасау үшін ауруханаға жатқан. Сол кезде 49 жастағы әйелдің жан тапсырғанын естиді. Марқұмның миы қызметін тоқтатқан, басқа ағзасы сап-сау. Ұлы анасының мәйіт доноры болуына қарсылық танытпапты. Есесіне жүрегі әлі күнге дейін соғып тұр. Байланысты үзбеген, жиі хабарласып тұрамыз дейді Жәнібек.

ЖӘНІБЕК ОСПАНОВ, РЕЦИПИЕНТ:

Мен маған жүрегін берген марқұмның баласы Игорьмен араласып тұрамын. Әлі күнге дейін байланысты үзген жоқпыз. Мен ол кісілерге шексіз ризамын. Қазір жағдайым жақсы. Тұрақты түрде жыл сайын тексерістен өтемін. 


Ал, қызылордалық Мақпал Оралованың бүйрегі сыр берген. 2016 жылдан бастап есепке тұрады. Алғашында мәйіт донорын күткен. Бірақ жағдайы нашарлаған соң амал жоқ өзінің туған ағасы ағзасын береді. Операция былтыр Қызылордада өтті.

МАҚПАЛ ОРАЛОВА, РЕЦИПИЕНТ:

Мәйіттік донор жөніндегі барлық мәселені көтеріп, алға қойып, сол жөнінде көп жұмыс жүргізілсе деймін. Өйткені біз тірі адамды мүгедектікке апарып жатырмыз. Екі органы бар адам толық адам деп есептеледі. 


Қазір елде 4 мыңнан аса адам ағзасын ауыстыру үшін күту парағында тұр. Оның 95-і – бала. Негізі трансплантация бойынша жасалатын операциянының 80-85 пайызы - туыстық донор. Өтйкені өлген адамның дене мүшесін алуға көбі келісім бермейді. Сонын салдарынан мәйіттік донор арқылы жылына бар-жоғы 5-6 ғана ота жасалады.

МЭЛС АСЫҚБАЕВ, ТРАНСПЛАНТОЛОГ:


Біздің орталығымызда 60-тан аса бүйрек, бауыр трансплантациясы жасалды. Бұл мәйіттік донор бойынша. Ал жалпы ағза трансплантациясы 800-ге жуық бауыр және бүйрек трансплантациясы жасалды.


Науқас көзі тірісінде “мен донор болуға келісемін” десе де, өлгеннен кейін туыстары қарсы болады. 90 проценті үзілді-кесілді келіспейді. Ал бізде заң бойынша марқұм рұқсатын беріп кеисе де жақындарының келісімі болуы шарт. Қазір саланың дамуына қолбайлау болып отырған мәселе - осы.

НАЗГҮЛ ЖЫЛГЕЛДИНА, ҚР ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы екі жылда 2022-2023 жылдары небәрі 33 адам келісімін берген. Қазіргі таңда 100-ден аса адам бар.  


Мәйіт доноры болу үшін электронды үкімет порталы арқылы келісім керек. 18 жастан асқан кез келген адам тіркеле алады. Осы тұста, бір марқұмның денесі 7 адамның өмірін сақтауға көмектесетінін ескерген жөн.