Ақылы бал ашып, онлайн емдейтіндерге тықыр таянды. Мемлекет жаппай айыппұл салып жатыр. Енді бір адамның өзі 11 миллион теңге төлеуі тиіс. Беттің арын белге байлағандар барлық әлеуметтік желіден бұғатталды. Енді мүлде тікелей эфирге кіре алмайды. Осы және өзге де өзекті тақырыптарды Аружан Задабек «Өзекті» айдарында тарқатады.
Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз.
Қазір бақсы-балгерлердің даурені. Қалаған теңгесіне тұрғындарды емдеп, кейдібірі өтірік сөзі үшін қыруар қаржы алады. Тіпті, жұрт табысының үштен бірін көріпкелге жұмсайды. Бұл – ресми сауалнаманың нәтижесі. Оларға жазаны күшейту керек деп жүргенімізге біраз болды. Біз әлі талқылап жүргенде Түркиялықтар тоқетер шешім шығарыпты. Жаппай айыппұл салып жатыр. Аз емес. Бір адамға – 11 миллион.
БЛИЦ:
- Қалай сенесіңдер осындайларға? Сендер сияқты адам ол да. Аллаға серік қосу үлкен күнә.
- Мен өзім бақсы болсам да адамдардан ақша алып көрмегенмін. Ақша алмаймын да. Ақша маған керек емес.
- Салық салыңдар Үкіметтегілер осындайларға.
Бізде несиесін өтей алмай жүргендерге мемлекет банкроттық жариялау туралы жеңілдік ұсынғаны есте. Биыл осыны рәсімдеу үшін 80 мыңға жуық адам соттан тыс және сот тәртібімен өтініш беріпті.Қаржының жалпы сомасы – 147,1 млрд теңге. Заң қолданысқа енгеннен бері өтініш білдірген адамдардың саны өскен. Дәлірек, 2024 жылы 83 057, 2025 жылдың 5 айында – 77 106 адам көмекке жүгінген.
БЛИЦ:
- Мен банкрот болдым. Бәрі дұрыс. Тыныш өмір сүріп жатырмын. Жұмыс та, ақша да бар.
- Банкроттық жасау үшін не істейміз? Жалғызбасты, көпбалалы анамын.
- Мен 10 наурызда банкрот болдым, ағайын! Қуанышымда шек жоқ.
Иә, қазір күн көру оңай емес. Азық-түлік бағасы күннен-күнге қымбаттап жатыр. Әсіресе, картоп құны қоғамда қызу талқыға ие болды. Ұлттық экономика министрі кеше мәселемен таныспын деген еді. Түркістан облысынан өнім сатылымға шығады, оның келісі 200-300 теңге маңайында болады деп сендірді. Бұл бағаның төмендеуіне алып келетініне уәде де берді. Бірақ әлеуметтік желідегі оқырмандар бұған сене алмаймыз дейді.
БЛИЦ:
- Не деген қымбат? Әлде өздері қоя ма бағасын? Депутаттар не қарап отыр?
- Келесі жылы не қымбаттайды екен? 3-4 есе қымбаттау бұл қылмыстық әрекет қой.
- Мемлекет деген бірінші халықты ойлап, өзіміздікін өзімізге қолайлы бағамен сатып, сыртқа 2 есе баға қойса экспортын жасай бермей ма? Не мәселе?
Құрметті көрермен, бүгінге осы! Келесі жүздескенше!