$511.67 €582.38 ₽6.53
×

«Елішілік құндылық» бағдарламасына қатыспаған кәсіпорындар мемлекеттік қолдаудан қағылады

03.06.2025ж. 20:00
124
«Елішілік құндылық» бағдарламасына қатыспаған кәсіпорындар мемлекеттік қолдаудан қағылады

Самұрық-Қазынаның отандық өндірушілерден тауар сатып алу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осылай деді. Ол бұл бағытта әлеует толық ашылмағанын айтты. Себебі, компанияның тауарларды сатып алу көрсеткіші бар-жоғы 23 пайыз ғана болған. Үкімет басшысы мәселені шешу үшін "Елішілік құндылық" бағдарламасын аяғына дейін жеткізуді тапсырды. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мен олармен кездескенде үнемі айтып жүрмін. Қазақстандық кәсіпорындарды тарту керек екенін, елішілік құндылықты арттыру керек екенін еске салып отырамын. Ал сіздерге оны әрі қарай бақылауға алып, аяғына дейін жеткізу керек.


Айта кетейік, "Елішілік құндылық" бағдарламасы келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылады. Бағдарлама отандық өндірушіні анықтау тетігі қызметін атқарады. Нәтижесінде барлық ірі кәсіпорындар бағдарламаны әзірлеп, қабылдауға міндеттеледі. Егер компаниялар бағдарламаға қатыспаса, мемлекеттік қолдаудың барлығынан шеттетіледі.