$511.67 €582.38 ₽6.53
×

«Жарқын ауыл» жобасы Қарқын ауылында жалғасын тапты

03.06.2025ж. 20:00
150
«Жарқын ауыл» жобасы Қарқын ауылында жалғасын тапты

Тобыл өңірінде  «Жарқын ауыл» жобасы қарқынды жүзеге асып келеді.Осыған дейін облыс көлемінде ондаған спорттық нысандар мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттар бой көтеріп, ауыл жолдары жаңғырды. Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бастамаға  3,6 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. «Жарқын ауыл» жобасы  Қарқын ауылында қарқын алады. Үш жақты меморандум шеңберінде Меңдіқара ауданында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Игі мақсатқа1 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. 

АЛМАТ ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өткен жылы біз өте жақсы нәтижелерге жеттік.Облыс бойынша 74 жаңа үй, 75 балалар және спорт алаңдары салынды. Облыс бойынша Меңдіқара ауданында ең үлкен жұмыстар атқарылады.1 миллиард теңгеден астам  меморандумға қол қойылды.


Жоба аясында Меңдіқара ауданына қарасты Соснов ауылдық округінде жалпы құны 174,3 млн теңгенің жұмыстары жүзеге асырылады. Оның 106,2 млн теңгесі — жеке инвестиция  есебінен тартылған. Қомақты қаражат ескі екіқабатты үйді қайта жаңғыртуға, жолдарды қалыпқа келтіруге, дене шынықтыру сауықтыру кешені мен хоккей корты маңын абаттандыруға, көшелерге жарық  орнатуға жұмсалады. 

АҚМАРАЛ МҰХАМЕДЖАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:


Біздің ауылымыз өте көркейіп келе жатыр.Биыл хоккейный корт салынды.ФОК міне артымызда тұр.Паркіміз өте таза, әдемі.