$511.67 €582.38 ₽6.53
×

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

AstanaTV
03.06.2025ж. 21:11
312
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

Шілде айында Астана күніне орай қазақстандықтардың демалысы бір күнге ұзарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2025 жылдың шілде айында Астана күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі. 1998 жылы ел астанасының Алматыдан Астанаға көшірілуіне байланысты мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі.

Жыл сайын бұл күнге орай ел бойынша ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе Астанада мереке қарсаңында түрлі концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады. Астана тұрғындары мен қонақтары қызық бағдарламаларды тамашалай алады.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі — 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.

Бес күн жұмыс істейтіндер бойынша:

5 шілде (сенбі) — демалыс күні;

6 шілде (жексенбі) — Астана күні;

7 шілде (дүйсенбі) — ауыстырылған демалыс күні;

Алты күн жұмыс істейтіндер бойынша:

5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;

6 шілде (жексенбі) — Астана күні;

7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні.

2025 жылдың шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін тұрғындар 5 күн демалады, 26 күн жұмыс істейді.