$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді

AstanaTV
04.06.2025ж. 08:15
132
Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында атап өтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.

Астана әкімдігінің мәліметінше, арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 2025 жылы құрбандық шалуға арналған келесі 6 орын белгіленді:

Байқоңыр ауданы:

«Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі;

«Big Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында);

«Шопан ата» базары – «Рубиком» және «Әмір» базарларының арасында;

«Баракат» базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат;

«Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.

Алматы ауданы:

«Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Астана әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін «109» call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.