$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Астанадағы өрт: «7 бочек» тұрғындары қонақүйлерге орналастырылады

AstanaTV
04.06.2025ж. 10:01
141
Астанадағы өрт: «7 бочек» тұрғындары қонақүйлерге орналастырылады

«7 бочек» тұрғын үй кешенінің зақымданған қасбет пен басқа да шығындарды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

4 маусым күні сағат 00:26–да «7 бочек» тұрғын үй кешенінің (Сығанақ көшесі, 23) сыртқы қаптамасының жануы туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу Астана қаласының әкімдігі, ТЖД және ПД бірлесіп жедел штаб құрды. ТЖД мен ПД қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

- Астана қаласының әкімдігі қажет болған жағдайда тұрғындарды қала қонақүйлеріне уақытша орналастыруды ұйымдастырады. Сонымен қатар, жан-жақты көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, зақымданған қасбет пен басқа да шығындарды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталады, — делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдік атап өткендей, ұқсас оқиғалар болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар өрт салдарын жою бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды. Бұған дейін апатты жатақханада (Бұланты көшесі, 14) болған өрт кезінде тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстандырылған болатын,-деп хабарлайды kaz.inform.kz.